«Altyn Uya Kids Жанель» бөбекжай-балабақшасы
Балабақшаның мақсаты: балаларға жас ерекшеліктеріне сай сапалы тәрбие мен білім беріп, олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау. Балалардың танымдық қабілеттерін, шығармашылық белсенділігін, сөйлеу мәдениетін, қарым-қатынас дағдыларын және өз бетінше әрекет ету қабілетін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, балаларды ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтеуге, мейірімділікке, жауапкершілікке, достыққа және өзара сыйластыққа тәрбиелеу – балабақшамыздың
маңызды бағыттарының бірі.